8 Наурыз – Аналар мерекесіне орай
Х.Доспанова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде даярлық тобы, 1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Ананың аялы алақаны” атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шарада оқушылар ата-аналарына құттықтау жолдап, ерекше әсерлі кештің куәсі болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, ананың мейірімі мен махаббаты жайлы әсерлі әңгімелер айтылып, сондай-ақ, түрлі ойындар ойнатылды.
Бұл сынып сағаты оқушылардың ата-аналарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетуге мүмкіндік берді. Барша аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні.
3/18/2025