4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай "Х.Доспанова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-де "Атамекен" жазғы лагерінің 4- ші күні де басталды. Әнұран орындалып, таңғы жаттығулар жасатылды. «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты ақпараттық сағат өткізілді.



Тарих пәні мұғалімі Демеугалиева А мен кітапханашы А.Нұржанова оқырмандарға Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұранның тарихы мен мән-мағынасы туралы кеңінен ақпарат беріп, олардың еліміздің егемендігі мен бірлігінің айғағы екендігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Ұлттық дәстүр - ұлттың жаны" атты шара өткізілді. Оқушыларға салт дәстүрлерді дәріптей отырып, киіз басуды да таныстырған болатынбыз.